Пайдалану салмағы: 3 859 кг
Қуаты: 55 кВт (74,8 а.к.)
Оператордың жайлылығын арттыру үшін қосылған қосымша мүмкіндіктер қатарында: кондиционер, CarPlay функциясы бар медиа-жүйе (iPhone құрылғысын жолдан алаңдамай пайдалануға мүмкіндік береді), артқы көрініс камерасы, үш кең бұрышты камерасы бар видеотіркеуіш, GPS, қараңғы уақытта және жарықтандырылмаған аумақтарда жұмыс істеуге арналған премиум жарықтандыру жүйесі бар.
Оған қоса, базалық жинақта техниканы тез ауыстыруға арналған Bobtach типіндегі жылдам шешілетін каретка, сондай-ақ электрлі сұйықтықты алдын ала қыздырғыш бар.
Жебенің жаңартылған құрылымы және вертикалды көтеру мүмкіндігі арқасында шөміш саусағы бойынша төгу биіктігі өте жоғары деңгейге жеткен — 3 215 мм. Модельдің жүк көтергіштігі — 1 250 кг. Стандартты шөміштің көлемі — 0,7 м³, ені — 2 038 мм. Машинаның тағы бір ерекшелігі — 500 кг-ға ұлғайтылған қарсы салмақ.
BULL SL1250 мини-тиегіші көлемі 3,17 литр болатын Xinchai A498BZG дизель қозғалтқышымен жабдықталған, оның қуаты — 74,8 ат күші.
Гидравлика — премиум еуропалық PWG бренді, ал гидромоторлар — АҚШ-та өндірілетін Eaton маркасы.
HighFlow функциясының (гидравликалық ағынды 140 л/мин дейін арттыру) арқасында техниканың өнімділігі жоғарылады.
Машинаны қосымша жабдықтау мүмкіндіктері де бар:
арктикалық пакет,
кез келген шөміш түрі немесе навесное жабдық,
бұл техника фрезамен де, бұрғылау құралымен де жұмыс істей алады.
Тұтынушының қалауы бойынша сервистік келісімшарт жасау мүмкіндігі ұсынылады.