Петропавлда «КазТехМаш» экскаватор-погрузчиктер мен шынжыртабан техникаларды құрастыра бастады.
Қазақстанда алғаш рет жол-құрылыс техникасын құрастыратын өндіріс іске қосылды. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы «КазТехМаш» зауыты шығарылатын техникалар түрін кеңейтті, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.
13 Май 16:49
GService.kz`
20
1 мин чтения
Жаңа өндірістік алаңның ашылуы 30 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Дархан Амрин мен «Qyzyljar» АЭА директоры Нұржан Садықовтың қатысуымен өтті. LIUGONG компаниясының еншілес жобасы «КазТехМаш» зауытымен бірлескен өндіріс форматында жүзеге асырылуда. Аталған зауыт 2023 жылдан бері «Qyzyljar» АЭА резиденті болып табылады.
— «КазТехМаш» машина жасау зауыты мен әлемдік алпауыт Guangxi LiuGong Machinery Co., Ltd. стратегиялық серіктестікті ресми түрде бекітті. Зауытта экскаватор-погрузчиктер, кез келген күрделі жұмыстарға арналған фронталды тиегіштер, 5 тонналық тиегіштер және салмағы 17 және 23 тонна болатын шынжыртабанды бульдозерлерді құрастыру басталды, — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметі.
Петропавл қаласында орналасқан арнайы экономикалық аймақ үшін мұндай жобаларды тартудың маңызы зор. Бұл — жаңа инвестициялар, жаңа жұмыс орындары және өндірістік кооперацияны дамыту.